БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН ЗЕРТТЕУ
8 16
Кілт сөздер:
жасанды интеллект, білім беру жүйесі, болашақ физика мұғалімдері, сауалнама, артықшылықтар, кемшіліктер.Аңдатпа
Қазіргі уақытта жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қоғамның әртүрлі салаларына, соның ішінде білім беру саласына әсер етуде. Білім беру процесіне жасанды интеллектіні енгізу бүгінгі күннің ең негізгі тенденцияларының бірі. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану міндеті өзекті бола түсуде. Осы мақсатта жасанды интеллектке байланысты құзыреттерді зерттеу қажет етеді.
Мақалада шетелдік және отандық ғалымдардың жасанды интеллектіні қолданудағы тәжірибелері зерттелді. Сонымен қатар, болашақ физика мұғалімдерін даярлауда жасанды интеллект негіздері бойынша оқыту мәселесі қарастырылды. Осы негізде, жоғары оқу орындарында оқыту мен оқу процестерінде жасанды интеллектіні қолданудың мүмкіндіктері, перспективалары мен қауіптері талданды. Сондай-ақ, жасанды интеллект құралдарының қолданылу түрлері және олардың тиімділігі бойынша салыстырмалы талдау жүргізілді. Бұдан бөлек, жасанды интеллект қолданылатын оқыту әдістері дәстүрлі оқыту тәсілдерімен салыстырылып қарастырылды.
Білім беруде оқытушылар мен студенттердің жасанды интеллектіні қолдану деңгейін анықтау мақсатында Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Шымкент қаласы, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ және М. Әуезов атындағы ОҚЗУ және Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, Өскемен қаласы, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ физика саласы оқытушылары және студенттері арасында сауалнама жүргізіліп, нәтижелері талданды. Зерттеу барысында аталған жоғары оқу орындарының 39 физика кафедрасы оқытушылары және 273 студентінен сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша, жасанды интеллектіні қолдану кезінде студенттердің оқуға ынтасы артатыны, ал оқытушылар уақытын үнемдей алатыны анықталды. Сәйкесінше, зерттеу нәтижелерінің сенімділігін бағалау үшін Cronbach’s Alpha коэффициенті қолданылды. Алайда, зерттеу барысында жасанды интеллект құралдарын қолдануға байланысты этикалық және техникалық мәселелерге қатысты алаңдаушылықтар анықталып, оларды шешудің ықтимал жолдары қарастырылды. Бұған қоса, жасанды интеллектіні физика саласы бойынша виртуалды зертханаларды жасауда көп қолданыс табатыны айқындалды. Зерттеу барысында келешектегі зерттеулер үшін маңызды бағыттар мен мүмкіндіктер қаралды.
Әдебиеттер тізімі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 01.09.2023. [Электронды ресурс]. URL: https://www.akorda.kz/ru/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana-ekonomicheskiy-kurs-spravedlivogo-kazahstana-18588 (қаралған күні 13.11.2024)
Жасанды интеллект білім сапасын жақсартады // Egemen Kazakhstan. – 2023. [Электронды ресурс]. URL: https://egemen.kz/article/370794-zhasandy-intellekt-bilim-sapasyn-dgaqsartady (қаралған күні 13.11.2024)
Мемлекет басшысы Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді. [Электронды ресурс]. URL: https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_ and_sittings/memleket-basshysy-cifrlyk-kazakstan-memlekettik-bagdarlamasyn-zhuzege-asyru-zhoninde-kenes-otkizdi (қаралған күні 13.11.2024)
Popenici S.A.D., Kerr S. Exploring the impact of artificial intelligence on teaching and learning in higher education // Research and Practice in Technology Enhanced Learning. – 2017. – Vol. 12(1). – P. 1–13. https://doi.org/10.1186/s41039-017-0062-8
Kotsis K.T. Artificial Intelligence Helps Primary School Teachers to Plan and Execute Physics Classroom Experiments // EIKI Journal of Effective Teaching Methods. – 2024. – Vol. 2, №2. – P. 15–24. https://doi.org/10.59652/jetm.v2i2.158
Абыканова Б.Т., Салыкбаева Ж.К., Кайыржан М., Бахтыгереев А. Системы на основе искусственного интеллекта в педагогическом образовании: возможности и последствия // Вестник Атырауского университета имени Х. Досмухамедова. – 2023. – №4(71). – Б. 59–70. https://doi.org/10.47649/vau.2023.v.71.i4.06
Давлетова А. Білім берудегі жасанды интеллекті қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері // Известия НАН РК. Серия физико-математическая. – 2024. – №1. – Б. 99–109. https://doi.org/10.32014/2024.2518-1726.244
Кузьмин Н.Н., Глазунова И.Н., Чистякова Н.А. Внедрение искусственного интеллекта в образование: плюсы и минусы // Управление образованием: теория и практика. – 2024. – Т. 14, №3-1. – С. 130–138. https://doi.org/10.25726/e3803-5754-4981-p
Зулпыхар Ж., Есіркеп А., Нурбекова Г., Fatimah S. Информатика мұғалімдерін оқыту процесінде интеллектуалды оқыту жүйелерінің тиімділігі және ерекшеліктері // ҚР ҰҒА хабаршысы. – 2024. – Т. 410, №4. – С. 207–218. https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.799
Медешова А.Б., Кушеккалиев А.Н. Цифрлық білім беру ресурстарына шолу және part-time оқыту платформасын құру // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2023. – №4 (130). – Б. 306–317. https://doi.org/10.47526/2023-4/2664-0686.25
Керімбердина А.Б., Садвакасова А.К. Жасанды нейрондық желілердің білім беруде қолданылу жағдайы // Педагогикалық ғылымдар. – 2022. – Т. 67, №4. – Б. 1–10. https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.67.4.018 12. Әденбек Н., Нурбекова Ж. Мектеп информатикасында жасанды интеллект негіздерін оқытудың қажеттілігі // Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы. – 2024. – Т. 108, №1. – С. 38–51. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-1-38-51
REFERENCES
Memleket basshysy Qasym-Zhomart Toqaevtyn «Adіlettі Qazaqstannyn ekonomikalyq bagdary» atty Qazaqstan halqyna Zholdauy [Address of the head of State Kassym-Jomart Tokayev to the people of Kazakhstan “Economic orientation of just Kazakhstan”]. 01.09.2023. [Electronic resource]. URL: https://www.akorda.kz/ru/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana-ekonomicheskiy-kurs-spravedlivogo-kazahstana-18588 (date of access 13.11.2024) [in Kazakh]
Zhasandy intellekt bіlіm sapasyn zhaqsartady [Artificial intelligence improves the quality of Education] // Egemen Kazakhstan. – 2023. [Electronic resource]. URL: https://egemen.kz/article/370794-zhasandy-intellekt-bilim-sapasyn-dgaqsartady (date of access 13.11.2024) [in Kazakh]
Memleket basshysy Cifrlyq Qazaqstan memlekettіk bagdarlamasyn zhuzege asyru zhonіnde kenes otkіzdі [Head of State held meeting on implementation of Digital Kazakhstan state program]. [Electronic resource]. URL: https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_sittings/memleket-basshysy-cifrlyk-kazakstan-memlekettik-bagdarlamasyn-zhuzege-asyru-zhoninde-kenes-otkizdi (date of access 13.11.2024) [in Kazakh]
Popenici S.A.D., Kerr S. Exploring the impact of artificial intelligence on teaching and learning in higher education // Research and Practice in Technology Enhanced Learning. – 2017. – Vol. 12(1). – P. 1–13. https://doi.org/10.1186/s41039-017-0062-8
Kotsis K.T. Artificial Intelligence Helps Primary School Teachers to Plan and Execute Physics Classroom Experiments // EIKI Journal of Effective Teaching Methods. – 2024. – Vol. 2, №2. – P. 15–24. https://doi.org/10.59652/jetm.v2i2.158
Abykanova B.T., Salykbaeva Zh.K., Kaiyrzhan M., Bahtygereev A. Sistemy na osnove iskusstvennogo intellekta v pedagogicheskom obrazovanii: vozmozhnosti i posledstvia [Artificial intelligence-based systems in teacher education: opportunities and consequences] // Vestnik Atyrauskogo universiteta imeni H. Dosmuhamedova. – 2023. – №4(71). – B. 59–70. https://doi.org/10.47649/vau.2023.v.71.i4.06 [in Russian]
Davletova A. Bіlіm berudegі zhasandy intellektі qoldanudyn artyqshylyqtary men kemshіlіkterі [Advantages and disadvantages of using artificial intelligence in education] // Izvestia NAN RK. Seria fiziko-matematicheskaia. – 2024. – №1. – B. 99–109. https://doi.org/10.32014/2024.2518-1726.244 [in Kazakh]
Kuzmin N.N., Glazunova I.N., Chistiakova N.A. Vnedrenie iskusstvennogo intellekta v obrazovanie: pliusy i minusy [Introduction of artificial intelligence in education: pros and cons] // Upravlenie obrazovaniem: teoria i praktika. – 2024. – T. 14, №3-1. – S. 130–138. https://doi.org/10.25726/e3803-5754-4981-p [in Russian]
Zulpyhar Zh., Esіrkep A., Nurbekova G., Fatimah S. Informatika mugalіmderіn oqytu procesіnde intellektualdy oqytu zhuielerіnіn tiіmdіlіgі zhane erekshelіkteri [The effectiveness and features of intelligent learning systems in the process of teaching computer science teachers] // QR UҒA habarshysy. – 2024. – T. 410, №4. – S. 207–218. https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.799 [in Kazakh]
Medeshova A.B., Kushekkaliev A.N. Cifrlyq bіlіm beru resurstaryna sholu zhane part-time oqytu platformasyn quru [Overview of digital educational resources and creation of a part-time learning platform] // Iasaui universitetіnіn habarshysy. – 2023. – №4 (130). – B. 306–317. https://doi.org/10.47526/2023-4/2664-0686.25 [in Kazakh]
Kerіmberdina A.B., Sadvakasova A.K. Zhasandy neirondyq zhelіlerdіn bіlіm berude qoldanylu zhagdaiy [The state of application of artificial neural networks in education] // Pedagogikalyq gylymdar. – 2022. – T. 67, №4. – B. 1–10. https://doi.org/10.48371/PEDS.2022.67.4.018 [in Kazakh]
Adenbek N., Nurbekova Zh. Mektep informatikasynda zhasandy intellekt negіzderіn oqytudyn qazhettіlіgі [The need to teach the basics of artificial intelligence in school computer science] // Y. Altynsarin atyndagy Ulttyq bіlіm akademiasynyn «Bіlіm-Obrazovanie» gylymi-pedagogikalyq zhurnaly. – 2024. – T. 108, №1. – S. 38–51. https://doi.org/10.59941/2960-0642-2024-1-38-51 [in Kazakh]