Шариғат нормалары мен халықаралық биоэтикалық стандарттардың салыстырмалы талдауы
15 3
Кілт сөздер:
Ислам, шариғат, заманауи фиқһ, биоэтика, адам құқығыАңдатпа
Мақалада шариғат нормалары мен халықаралық биоэтикалық стандарттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары салыстырмалы түрде талданады. Авторлар жаһандану дәуірінде адам құқығын қорғауда қолданылатын тәсілдерді, шариғат пен заманауи биоэтиканың методологиялық негіздерін зерттейді. Ислам құқық жүйесінде адамның қадір-қасиеті, өмірі мен денсаулығын қорғау басты орын алады. Құран аяттары мен хадистерге сүйене отырып, шариғат адамның өмір сүру құқығын және ағза тұтастығын жоғары бағалайды. Батыстық биоэтикада да зиян келтірмеу, пайдалы болу, автономияны құрметтеу және әділеттілік қағидаттары негізгі орын алады. Алайда, ислам елдерінде адамның еркіндігі міндеттерімен шектелсе, батыстық үлгіде жеке тұлғаның автономиясы басым. Сонымен қатар, мақалада халықаралық ұйымдардың биоэтика саласындағы тәжірибелері мен ислам этикасының ұстанымдары салыстырылады. Шығыс қоғамдарында мәдени-діни дәстүрлер шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады, ал батыста даралық пен ұтымдылыққа басымдық беріледі. Қорытындысында, биоэтика мен шариғаттың өзара ықпалы адам құқықтарын сақтау мен әділетті шешімдер қабылдауда маңызды екенін көрсетеді. Зерттеу қоғамның этикалық мәдениетіне, адам өміріне құрмет пен әділдік ұстанымдарын нығайтуға үлес қосады.