Кьеркегор мен Шәкәрімнің философиялық танымында ахлақ және махаббат феномені
7 5
Кілт сөздер:
Кьеркегор, Шәкәрім, ахлақ, махаббат, экзистенциализм, ұждан, иман, адамгершілікАңдатпа
Мақалада діни-философиялық танымның екі өкілі – дат ойшылы Сёрен Кьеркегор мен қазақ философы Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымындағы ахлақ пен махаббат ұғымдарының мазмұны мен мәні салыстырмалы түрде талданады. Кьеркегордың экзистенциалистік көзқарасындағы адамның жеке жауапкершілігі, күнә, сенім мен махаббат феномені арқылы моральдық болмысты анықтау әрекеті Шәкәрімнің ар ілімімен және «махаббат пен әділет – адамдықтың негізі» деген тұжырымымен тоғысады. Екі ойшыл да моральдық түпнегізді рационал ақылдан емес, ішкі рухани тереңдік пен адам мен Құдай арасындағы байланыстан іздейді. Кьеркегор мен Шәкәрім көзқарасындағы иман, ахлақ және махаббат Құдайға және барша адамзатқа деген ізгі сезімнің көрінісі. Адам бойындағы бүкіл ізгі қасиеттер осы негізден бастау алып жатыр. Мақалада ахлақ пен махаббаттың діни, философиялық және этикалық қырлары, сондай-ақ адам болмысының мәнін танудағы рөлі сараланады. Кьеркегордың экзистенциалистік тұжырымдамасы мен Шәкәрімнің адамгершілік доктринасы арасындағы ұқсастықтарға, әсіресе жоғары құндылықтарды іздеу контексінде, ерекше назар аударылады. Кьеркегордың христиандық экзистенциясы мен Шәкәрімнің сопылық философиясының ұқсастықтары мен айырмашылықтары ашылып, қазіргі мораль философиясына ықпалы тұрғысынан бағаланады. Бұл еңбек философия және діни этика саласындағы мәдениетаралық диалогты дамытуға пайдалы болуы мүмкін.