Мақаланы рәсімдеу ережелері
«Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРЛАРЫ» ғылыми журналына қабылданатын ғылыми мақалаларға қойылатын талаптар
- Журналға бұрын жарияланбаған мақалалар электронды форматтa (docx) қабылданады.
- Ғылыми мақаланың оңтайлы көлемі 6-20 беттен аспауы тиіс.
- Абзацтың көлемі – 1 см, мәтін бір интервал аралықта теріледі, параметрлері: жоғары жағы – 2 см; төменгі жағы – 2 см; оң жағы – 2 см; сол жағы – 2 см. Шрифт түрі – Times New Roman. Беттерді нөмірлеу: талап етілмейді.
- Сурет, кесте, график, диаграмма және т.б. мәтін ішінде нөмір және атаумен белгіленеді. (Мысалы, Сурет 1. Сурет атауы). Кестелер тақырыбымен нөмірленіп берілуі тиіс.
- Бірінші бет:
- ӘОЖ (УДК) – әмбебап ондық жіктегіш индексі, МҒТАР (http://grnti.ru/) – Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттық рубрикатор коды.
- Мақала авторының (авторларының) аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны (орналасқан жері), қаласы, елі, электрондық поштасы көрсетіледі. Авторлардың аты-жөні жартылай қалың қаріппен көрсетілуі керек Авторлар туралы мәліметтер кіші әріптермен және курсив қарпімен беріледі, шрифт өлшемі-10.
- Мақаланың тақырыбы – ғылыми жұмыстың мазмұнын көрсете алу қажет. Мақаланың аты мазмұнын ашып тұратын ұтымды болуы керек. Ол түсінікті әрі ұғынықты болу керек. Мақаланың тақырыбы қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жартылай қалың қаріппен көрсетілуі керек, шрифт өлшемі-10.
- Барлық мақала «StrikePlagiarism» бағдарламасынан өткізіліп, 1-ҰК (ұқсастық коэффициенті) – 25%-дан төмен, ал 2-ҰК – 5%-дан төмен болған жағдайда ғана мақала жариялауға қабылданады.
- Аннотация- 150-200 сөз көлемінде 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын). Егер мақала түрік тілінде болса, онда түрік тілімен қоса 4 тілде. Аннотация – мақаланың мақсаты мен мазмұнын, негізгі нысанымен қатар өзіндік ерекшеліктерін қысқаша сипаттау.
- Негізгі сөздер– ғылыми сала және зерттеу әдістері тұрғысынан мәтіннің мазмұнын көрсететін сөздер жиынтығы. Ұсынылатын кілт сөздер саны - 5-8, 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ұсынылады. Егер мақала түрік тілінде болса, онда 4 тілде ұсынылады. Кілт сөздер мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі тиіс, мақала мәтініндегі терминдерді, сонымен қатар тақырып аясын анықтайтын және өзге де іздеуді жеңілдететін ақпараттық іздеу жүйесі арқылы мақаланы табудың мүмкіндіктерін кеңейтетін басқа да маңызды ұғымдарды көрсететін терминдерді қолдану керек.
- Мақала мәтіні.Кіріспе (мақсат пен міндеттерді қоса, тарихы), зерттеу әдістері, талқылаулар/нәтижелер, қорытынды, (шрифт өлшемі -12):
Кіріспе - бұл бөлімде берілген жұмысқа ұқсас немесе жақын зерттеулер міндетті түрде қарастырылып, мәселенің тарихы қысқаша баяндалады және зерттеу мақсаты тұжырымдалады.
Зерттеу әдістері/зерттеу әдістері мен материалдар - бұл бөлімде авторлар ғылыми жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді немесе зерттеу әдістері мен материалдарды ұсынуы қажет.
Талдау мен нәтижелер – ғылыми мақаланың негізгі бөлігі зерттеу жұмысы үшін таңдалған әдіс-тәсілдер ғана емес, сонымен бірге, алынған нәтижелерді теориялық тұрғыдан талдай отырып, дәйектемелер ұсынудан тұрады. Автор бұл бөлімде зерттеу жұмысының нәтижелерінің тезисін жинақтайды. Зерттеу жұмысының нәтижесі жазбаша түрде және кесте, диаграмма, статистикалық көрсеткіштер түрінде ұсынылуы мүмкін.
Қорытынды - мақаланың бұл бөлімінде автор ғылыми жұмысқа қатысты субъективті ойын білдіре отырып, зерттеу жұмысының нәтижелері негізінде қорытынды пікірін ұсынады.
Қаржыландыру туралы ақпарат - болған жағдайда (мақала соңында курсив әріптермен жарияланатын материалдың тілінде) жазылады. Бұл бөлімде қаржыландыру көздері (гранттар, бірлескен жобалар және т.б.) көрсетіледі.
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі, библиографиялық жазбалар түпнұсқа тілінде келтіріледі және латынша әріптермен транслитерация жасалып жазылады (References). Мақалада кемінде 10 әдебиет пайдаланылуы тиіс (транслитерация http://www.translit.ru).
Журналда пайдаланылған әдебиеттерге реттік сілтемелік әдіс жүйесі қолданылады, яғни мақаланың ішінде әдебиеттердің реттік нөмірі және сілтеме жасалынған беттер төртбұрышты тік жақшаның ішінде көрсетіледі. Ол нөмір әдебиеттер тізіміндегі нөмірге сәйкес келуі тиіс. Баспада жариялауға ұсынылған барлық мақалаларда жарияланымға қабылданған журнал талаптарына сәйкес әдебиеттер тізімі (АРА style) рәсімделген болуы керек.
- Авторлар туралы мәліметтер. Автор туралы мәліметтер кестесінде автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс немесе оқу орны, қала, ел, е-mail мекенжайы және ұялы телефонының нөмірі үш тілде – қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде берілуі тиіс.
- Ғылыми мақалалар университет ғалымдарының және басқа ЖОО ғалымдарының қос «жасырын» рецензиялау нәтижесінен және редакция шешімінен кейін өндіріске жіберіледі.
- Қолжазбалар өңделеді және авторларға қайтарылмайды. Мақала мазмұнына редакция жауап бермейді.