Жәдидшілдік аясындағы қазақ ағартушылығы және Ғұмар Қараштың оқу- ағарту көзқарастары
27 6
Кілт сөздер:
жәдидшілдік, Ғұмар Қараш, діни білім, білім беру,, ағарту саласыАңдатпа
Бұл мақалада XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақ даласында пайда болған ағартушылық қозғалысы жан-жақты қарастырылып, әсіресе осы кезеңдегі діни білім беру үдерістері талданған. Діни білім берудің реформаторлық көрінісі ретінде академиялық пәндер мен діни қағидаларды біріктірген жаңа парадигма - жәдидшілік қозғалысы талқыланады; жәдидшіліктің тек оқыту әдісі не идеология ғана емес, сонымен бірге дәуірдің әлеуметтік-саяси құрылымындағы маңызы мен прогрессивті қырлары бар көпқырлы құбылыс екендігі атап өтілген. Зерттеуде XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі - Ғұмар Қараштың жәдидшілік қозғалысына көзқарасы, ағартушылық қызметі мен діни білім беруге қатысты ой-пікірлері жүйелі түрде қарастырылған. Ғұмар Қараштың зияткерлік мұрасы, діни көзқарастарының ерекшелігі мен дүниетанымдық дамуы ашып көрсетіліп, оның еңбектерінің мазмұны терең талданып, идеялық дүниетанымының негізгі бағыттары мен өркениеттік деңгейдегі ойлау үлгісі анықталған. Нәтижесінде, Ғұмар Қараш өз дәуіріндегі қоғамдық қиындықтарға батыл қарсы тұра білгені, қоғамға исламды қалай түсінуге болатыны жөнінде бағыт-бағдар бергені және жәдидшілдік ойды тек қорғап қана қоймай, оны өзінің тәжірибесінде табысты іске асырғаны анықталды. Сонымен қатар, оның діни ұстанымы қазіргі тілмен айтқанда “байсалды” және “зайырлы” ислам түсінігімен сәйкес келетіні, сондай-ақ дін мен академиялық білімнің тұтастығына негізделген өзіндік бірегей көзқарас қалыптастырғаны тұжырымдалды.