Ұлы Жібек жолы бойындағы X–XII ғасыр түркі керуенсарайлары және олардың дамуына әсер еткен құрылыс түрлері
10 3
Кілт сөздер:
Жібек жолы, Селжұқ сәулеті, Орталық Азия өркениеті, керуен-сарай, сауда жолдарыАңдатпа
Ғазнәуи, Қарахан және Селжұқ өркениеттері X–XII ғасырлар аралығында өздері мекендеген аймақта монументалды сәулет ескерткіштерін тұрғызды. Орталық Азия жазығында өмір сүрген бұл өркениеттер қалалар арасында, жазық пен аңғарлар бойында станция, хан және керуен-сарай ғимараттарын салды. Бұл туындылардың Жібек жолындағы маңызды бөлігін құрайтын керуен-сарайлар керуендердің, саяхатшылардың немесе керуен топтарының ұзақ сапарлары арасында тынығу мен тұрақтау орны ретінде салынған. Қоғамдардың тарихи дамуын көбінесе олардың артында қалдырған сәулет туындылары арқылы байқауға болады. Солардың ішінде станция, хан және керуен-сарай сияқты сәулет туындылары тарих бойы әрі практикалық мақсаттарға қызмет еткен, әрі өңірлердің мәдени және экономикалық құрылымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарған. Бұл зерттеуде керуен-сарайлардың дамуына, шығу тегіне, сәулеттік ерекшеліктеріне әсер еткен осы архитектуралық элементтерге назар аударылды. Сондай-ақ Ғазнәуи, Қарахан және Селжұқ керуен-сарайларына ықпал еткен сәулет дамуының тарихи маңызы мен заманауи түсінікке әсері қарастырылды. Керуенсарайлар, хан немесе басқа мәдени атаулармен белгілі бұл құрылыстар түрік сәулет тарихында, салынған өркениеттің әскери және экономикалық жағдайларына байланысты, өлшемі мен функциясы жағынан әртүрлі болып келеді. Зерттеу аясында қарастырылған және Жібек жолы бағыттарында орналасқан Ғазнәуи, Қарахан және Селжұқ керуен-сарайларының дамуына Ахемен және Парфия дәуірінің пошта станциялары (чапархан), Хош иіс жолының керуен-сарайлары, Солтүстік Азия қорған және ауласы бар тұрғын үй архитектурасы мен ерте орта ғасырлық елді мекендердің қалай әсер еткені зерттелді.