Балалардың ойлау жүйесі мен дүниетанымын қалыптастыруда философиялық білімнің маңызы

24 11

Авторлар

  • Нұрлыбек Жаныкулов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Философия, білім беру философиясы, бала философиясы, этикалық философия, сыни ойлау

Аңдатпа

Бала өмірге келген соң ең алдымен өзін қоршаған әлемді тануға, түсінуге ұмтылады және ол осы танымдық әрекет барысында фәлсафалық ойлаудың алғашқы қадамдарын жасайды. Алайда бүгінгі қарқынды дамыған ақпараттық қоғамда балалардың санасын бұрмалайтын, қисық танымға жетелейтін, ой-өрісін шектейтін факторлар аз емес. Сондықтан балалар үшін тек білімге қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар  сол білімді талдап, бағалап, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту әлдеқайда маңызды. Бұл тұрғыда философия балаларға шешім қабылдау, салыстырмалы және сыни тұрғыдан ойлану және жанашырлық таныту дағдыларын қалыптастыра отырып, олардың болмысын ашуға, жеке тұлға ретінде дамуына елеулі үлес қосады. Қазіргі таңда Қазақстанда мектеп бағдарламасында философия пәні қарастырылмаған. Алайда, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Батыс Еуропа, АҚШ, Канада, Австралия секілді дамыған елдерде «Балаларға арналған философия» (P4C) бағдарламасы негізінде философиялық білім беру орта білім деңгейінде жүйелі түрде жүргізіледі. Себебі, философияны мектеп бағдарламасына енгізу тек баланың тұлғалық дамуына ғана емес, қоғамдық сананың қалыптасуына, отбасылық қатынастардың нығаюуына, елдің мәдени және рухани тұрғыда дамуына үлкен септігін тигізеді. Осы тұрғыда қазақ қоғамы үшін философияны дамыту және оған деген қызығушылықты арттыру маңызды әрі өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі таңда еліміз түрлі ішкі және сыртқы сын-қатерлермен бетпе-бет келуде. Мысал ретінде білім беру жүйесінен бастап, жемқорлық, әлеуметтік теңсіздік, діни экстремизм, ұлттық бірегейлікті әлсіретуге бағытталған сыртқы идеологиялық ықпалдар және жаһандану үдерісіндегі мәдени ассимиляция мәселелерін атап өтуге болады. Осындай бірқатар проблемаларға қарсы тұруда философиялық білім – таптырмас рухани құрал. Философиялық және ұлттық танымы берік қаланған қоғам жаһандық рухани және экзистенциялық дағдарыстарды жеңіл еңсере алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-12

Журналдың саны

Бөлім

философия