НҰРЛАН МӘУКЕНҰЛЫ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ЖЫРАУЛЫҚ ДӘСТҮР
8 18
Кілт сөздер:
жыраулық дәстүр, жыраулық поэзия, өлең өрімі, образдар жүйесі, поэтика, стиль.Аңдатпа
Мақалада 1980–90 жылдардағы қазақ жырының көркемдік деңгейін танытатын бірегей талант иесі Нұрлан Мәукенұлының лирикасы зерттеледі. Бұл зерттеу әдебиет теориясындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесін жаңа қырынан тереңірек тануға, сондай-ақ қазіргі қазақ поэзиясының көркемдік дәрежесін, қаламгердің стилmдік даралығын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Мақала авторлары Нұрлан Мәукенұлының 2011 жылы жарық көрген «Мойыл көзді келіншек» жинағындағы өлеңдерін талдай отырып, ақынның поэтикалық ойлау даралығын және қазіргі поэзияның идеялық-көркемдік сапасын арттырудағы жыраулық дәстүрдің алар орнын айқындауды мақсат етеді. Жыраулық дәстүрдің қазақ өлеңінің идеялық-мазмұнын, тіл байлығын, өлеңнің ырғақ-мәнерін, ақиқат болмыс пен лирикалық кейіпкердің сезім құбылыстарын бейнелеу құралдарын, жалпы эстетикалық сапа-қасиеттерін өрістетудегі ықпалы нақты мысалдар арқылы талданады.
Ақынның ұлттық поэзия бастауларына ден қою себептері анықталып, оның қазақ халқының басынан өткен алмағайып замандарды, тарих сабақтарын, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін, ұлт болашағын жырлаудағы азаматтық, ақындық тұлғасы және көркемдік-идеялық табысы бағаланады. Бұл – бірді-екілі сын мақалалар мен ақын жинақтарына жазылған алғысөздер көлемінде ғана сөз болып, арнайы зерттеу нысанасына әлі алынбаған қаламгердің шығармашылығын тани түсуге қозғау салары анық.
Зерттеу барысында әдеби-лингвистикалық талдау, тарихи-салыстырмалы және статистикалық әдістер қолданылып, Нұрлан Мәукенұлы өлеңдерінің жаңашылдық сипаттары талданады. Мақаланың қорытындысында суреткердің ұлттық поэзияны тек тақырыптық тұрғыдан ғана емес, көркемдік-бейнелілік сапасы жағынан да жаңа биікке көтергені дәлелденеді. Зерттеу нәтижелері Нұрлан Мәукенұлының ақындық болмысы мен шығармашылығына қатысты тың деректер ұсына отырып, қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістер, дәстүр мен жаңашылдық, стилизация туралы теориялық білімді тереңдете түседі.
Әдебиеттер тізімі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негимов С. Алғы сөз // Кіт.: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық. 8-том: Қазақ ақын жырауларының философиясы. – Астана: Аударма, 2008. – 448 б.
Кәрібаева Б. Өлара кезең – қазақ руханиятына сын // Массагет. 2015, 31 тамыз. [Электронды ресурс]. URL: https://massaget.kz/blogs/oy_tolgaular/olara-kezen-kazak-ruhaniyatyina-syin-15431/ (қаралған күні 28.12.24)
Молдағалиев Т. Таңдамалы шығармаларының үш томдығы. – Алматы: Жазушы, 1996. – 300 б.
Әскербекқызы Ж. Сұңқарсайдан түлеген сұңқар ақын // Кіт.: Н. Мәукенұлы. Мойылкөзді келіншек. – Астана, 2011. – 264 б.
Медетбек Т. Құлағың шалсын даусымды! // Жас Алаш. – 2009, 3 қыркүйек. – №71.
Салықбай Ә. «Қырқатыны несі екен өрімдейді?..» немесе 43 жасында дүниеден озған Нұрлан Мәукенұлы туралы сыр // Кіт.: Қазақстан дәуірі. [Электронды ресурс]. URL: https://qazdauiri.kz/news/qyrqatyny-nesi-eken-orimdeidi-nemese-43-zasynda-dunieden-ozgan-nurlan-maukenuly-turaly-syr (қаралған күні 28.12.24)
Жолдыбай Б. Ат жалында кеткен арман // Егемен Қазақстан. – 2023, 23 қаңтар. [Электронды ресурс]. URL: https://egemen.kz/article/333397-at-dgalynda-ketken-arman. (қаралған күні 28.12.24)
Негимов С. Шығармалары. Бес томдық. Жыраулар поэзиясы: монография. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. – 400 б.
Мәукенұлы Н. Мойыл көзді келіншек. – Астана: Фолиант, 2011. – 464 б.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Өскемен: Берел, 2016. – 224 б.
Жайлыбай Ғ. Мәукенұлы Мәуесі // Қазақ әдебиеті. 2022, 25 желтоқсан. [Электронды ресурс]. URL: https://qazaqadebieti.kz/35472/m-uken-ly-m-uesi (қаралған күні 28.12.24) 13. Urys T., Kozak T., Barabash S. National Identity: Formation and Realisation Through Poetry // Wisdom. – 2021. – №1(17). – P. 146–161. http://dx.doi.org/10.24234/wisdom.v17i1.449
REFERENCES
Negimov S. Algy soz // Kit.: Qazaq halqynyn filosofialyq murasy. Zhiyrma tomdyq. 8-tom: Qazaq aqyn-zhyraularynyn filosofiasy [The preface // In: Philosophical heritage of the Kazakh people. Twenty volumes. Volume 8: philosophy of Kazakh poets]. – Astana: Audarma, 2008. - 448b [in Kazakh]
Karіbaeva B. Olara kezen – qazaq ruhaniatyna syn [Time of Change - a test for Kazakh spirituality] // Massaget. – 2015, 31 tamyz. [Electronic resource]. URL: https://massaget.kz/blogs/oy_tolgaular/olara-kezen-kazak-ruhaniyatyina-syin-15431/ (date of access 28.12.24) [in Kazakh]
Moldagaliev T. Tandamaly shygarmalarynyn ush tomdygy [A three-volume collection of selected works]. – Almaty: Zhazushy, 1996. – 300 b. [in Kazakh]
Askerbekqyzy Zh. Sunqarsaidan tulegen sunqar aqyn [The poet that flew out of Sunkarsai] // Kit.: N. Maukenuly. Moiylkozdі kelіnshek.– Astana, 2011. – 264 b. [in Kazakh]
Medetbek T. Qulagyn shalsyn dausymdy [Hear my voice!] // Zhas Alash. – 2009, 3 qyrkuiek. – №71. [in Kazakh]
Salyqbai A. «Qyrqatyny nesі eken orіmdeidі?.. » nemese 43 zhasynda dunieden ozgan Nurlan Maukenuly turaly syr» [Why is the life of the young interrupted or the memory of the poet Nurlan Maukenuly] // Kit.: Qazaqstan dauіrі. [Electronic resource]. URL: https://qazdauiri.kz/news/qyrqatyny-nesi-eken-orimdeidi-nemese-43-zasynda-dunieden-ozgan-nurlan-maukenuly-turaly- (date of access 28.12.24) [in Kazakh] 7. Zholdybai B. At zhalynda ketken arman [A dream carried away on a horse's mane] // Egemen Qazaqstan. – 2023, 23 qantar. [Electronic resource]. URL: https://egemen.kz/article/333397-at-dgalynda-ketken-arman (date of access 28.12.24) [in Kazakh]
Negimov S. Shygarmalary. Bes tomdyq. Zhyraular poeziasy: monografia [A five-volume works. Poems of zhyrau: monograph]. – Nur-Sultan: Foliant, 2019. – 400 b. [in Kazakh]
Maukenuly N. Moiyl kozdі kelіnshek. Olender. [The black-eyed young woman. Poems] – Astana: Foliant, 2011. – 264 b. [in Kazakh]
Qazaq tilinin tusindirme sozdigi [Explanatory dictionary of the Kazakh language]. – Almaty: Daik-Press, 2008. – 968 b. [in Kazakh]
Ahmetov Z. Olen sozdіn teoriasy [Theory of versification]. – Oskemen: Berel, 2016. – 224 b. [in Kazakh]
Zhailybai G. Maukenuly mauesі [Maukenuly’s orchard] // Qazaq adebietі. 2022, 25 zheltoqsan. [Electronic resource]. URL: https://qazaqadebieti.kz/35472/m-uken-ly-m-uesi (date of access 28.12.24) [in Kazakh] 13. Urys T., Kozak T., Barabash S. National Identity: Formation and Realisation Through Poetry // Wisdom. – 2021. – №1(17). – P. 146–161. http://dx.doi.org/10.24234/wisdom.v17i1.449