БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ 3D ПРИНТЕРМЕН ТИІМДІ ӨНДІРІСКЕ ДАЯРЛАУ: ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ МЫСАЛЫНДА
4 8
Кілт сөздер:
3D басып шығару, өндіріс, STEM білім, пәнаралық оқыту, дрон әзірлеу, инженерлік-техникалық білім.Аңдатпа
Заманауи өндіріс технологиялары, әсіресе 3D басып шығару, соңғы жылдары айтарлықтай дамып, тиімді өндіріс пен инновациялардың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Әсіресе білім беру саласында дрондарды жасауға болашақ мамандарды даярлау өзекті мәселеге айналды. 3D басып шығару арқылы құрылымдық бөлшектерді оңай және жылдам жасау мүмкіндігін меңгеру арқылы болашақ мамандар дрондардың дизайны мен өндірісін жеңілдетіп қана қоймай, шығындарды азайтып, жеңіл әрі жоғары тиімді құрылғыларды шығару технологиясын үйренеді. Сондықтан оқу үдерісіндегі дрондарды әзірлеуде 3D басып шығару әдісін қолдану тиімді өндірістің перспективалы бағыты ретінде ерекше өзектілікке ие. Бұл зерттеудің мақсаты – 3D принтердің көмегімен дрон әзірлеу мысалында болашақ мамандарды 3D принтермен тиімді өндіріске даярлау мәселелерін қарастыру болып табылады. Зерттеу барысында теориялық және тәжірибелік талдау, модельдеу және дизайн әдісі қолданылды. Оқу үдерісінде дайын болған дронның көтеру күшінің қалақшалардың өлшемдеріне тәуелділігін анықтау, сондай-ақ, қозғалтқыштың қуатына тәуелділігін есептеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижеде теориялық әдістерді қолдану арқылы дронның физикалық қасиеттерімен танысуға, оның ішінде салмағы, массасының таралуы, инерциялық моменттері және тұрақтылық параметрлерін есептеуге мүмкіндік туды. Жалпы алғанда, 3D принтердің көмегімен әзірленген дронның физикалық параметрлері оңтайландырылып, оның тиімді жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Зерттеу нәтижелері дронның конструкциялық және функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған болашақ мамандарды даярлаудағы жұмыстар үшін негіз бола алады.
Әдебиеттер тізімі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Mohd Daud S.M.S., Mohd Yusof M.Y.P., Heo C.C., Khoo L.S., Chainchel Singh M.K., Mahmood M.S., Nawawi H. Applications of drone in disaster management: A scoping review // Science and Justice. – 2022. – Vol. 62, №1. – P. 23–32. https://doi.org/10.1016/j.scijus.2021.11.002
Rejeb A., Abdollahi A., Rejeb K., Treiblmaier H. Drones in agriculture: A review and bibliometric analysis // Computers and Electronics in Agriculture. – 2022. – Vol. 196. – Art. 107017. https://doi.org/10.1016/j.compag.2022.107017
Raivi A. M., Huda S. M. A., Alam M. M., Moh S. Drone Routing for Drone-Based Delivery Systems: A Review of Trajectory Planning, Charging, and Security // Sensors. – 2023. – Vol. 23, №3. – Art. 1463. https://doi.org/10.3390/s23031463
Alwateer M., Loke S.W., Fernando N. Enabling drone services: Drone crowdsourcing and drone scripting // IEEE Access. – 2019. – Vol. 7. – P. 110035–110049. https://doi.org/10.1109/ACCESS.2019.2933234
Choi H.W., Kim H.J., Kim S.K., Na W.S. An Overview of Drone Applications in the Construction Industry // Drones. – 2023. – Vol. 7, №8. – Art. 515. https://doi.org/10.3390/drones7080515 6. Nwaogu J. M., Yang Y., Chan A. P. C., Chi H. lin. Application of drones in the architecture, engineering, and construction (AEC) industry // Automation in Construction. – 2023. – Vol. 151. – Art. 104827. https://doi.org/10.1016/j.autcon.2023.104827
Zhang J., Campbell J. F., Sweeney D. C., Hupman A. C. Energy consumption models for delivery drones: A comparison and assessment // Transportation Research Part D: Transport and Environment. – 2021. – Vol. 90. – Art. 102668. https://doi.org/10.1016/j.trd.2020.102668
Valente J., Kooistra L. MOOC drones for agriculture: The making-of // IEEE Global Engineering Education Conference (EDUCON), 2020 April. – P. 1692–1695. – IEEE Computer Society. https://doi.org/10.1109/EDUCON45650.2020.9125309
Shvetsov A. V., Alsamhi S. H., Hawbani A., Kumar S., Srivastava S., Agarwal S., Nashwan F. M. A. Federated Learning Meets Intelligence Reflection Surface in Drones for Enabling 6G Networks: Challenges and Opportunities // IEEE Access. – 2023. – Vol. 11. – P. 130860–130887. https://doi.org/10.1109/ACCESS.2023.3323399
Chu H. Drones in Education: A Critical Review // Turkish Journal of Computer and Mathematics Education (TURCOMAT). – 2021. – Vol. 12, №11. – P. 1722–1727. https://doi.org/10.17762/turcomat.v12i11.6107